Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын және агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 211 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4439 болып енгізілді.
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және  агент банкке қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы қаулы қолданысқа 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі. 
3. Банктерді қадағалау Департаменті (Раева Р.Е.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі мен "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру жөнінде қоры" акционерлік қоғамына мәлімет үшін жіберсін. 
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2006 жылғы 23 қыркүйектегі
 N 211 қаулысымен бекітілді
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және  агент банкке қойылатын талаптар
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің депозиторларына оның еріксіз тарату жағдайында (бұдан әрі – қатысушы банк), кепілді өтем жөнінде рәсімді орындау үшін екінші деңгейдегі банкті (банктерді) (бұдан әрі – агент банк) таңдау, сондай-ақ агент банкке қойылатын талаптар жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін анықтайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу жеке тұлға депозиторлардың Заңға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылатын (бұдан әрі – кепілдік берілген депозиттер) депозиттері бойынша міндетті өтем алуға құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2017 жылғы № 23 Қаулысына сәйкес (26.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
03.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктер арасынан конкурс негізінде агент банкті таңдайды. Кепілдік берілген өтемді төлеу үшін қажеттілікке байланысты бірнеше агент банктер таңдалуы мүмкін.
3. Конкурстың қорытындысы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкпен келісім жасайды, соған сәйкес агент банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның атынан және оның есебінен қатысушы банктердің біреуі мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлейді.
4. Міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен агент банкке қызметтері үшін сыйақы төленбейді.
5. Міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым агент банкке қойылатын талаптарға банктердің бірі де сәйкес келмеген жағдайда Ұлттық почта операторы арқылы кепілдік берілген өтемді төлейді.
Полная версия
ИС BestProfi