Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiне, қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екi ұдай қолданылатын тауарлар мен технологияларға, оларды өндiру мен пайдалануға байланысты шикiзатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпарат пен көрсетiлетiн қызметке экспорттық бақылауды жүзеге асырудың және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимiн нығайтудың негiздерi мен тәртiбiн белгiлейдi.
екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрiлер, оның iшiнде жаппай қырып-жоятын қару мен оларды жеткiзу құралдарын өндiру үшiн қолданылуы мүмкiн жабдық, материалдар, шикiзат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;
экспорттық бақылауға жататын өнiм номенклатурасы - қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың бақылау тiзiмдерi, тiзбелерi, екi ұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзаттың, материалдардың, жабдықтардың жекелеген түрлерi, жаппай қырып-жоятын қаруды, қарудың өзге де қауiптi түрлерi мен оларды жеткiзу құралдарын жасау кезiнде қолданылатын немесе қолданылуы мүмкiн техникалық, ғылыми-техникалық ақпарат, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
зияткерлiк қызмет нәтижелерiне құқықтар - қару-жарақпен, әскери техникамен, екi ұдай мақсаттағы өнiммен, арнаулы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасына авторлық құқықтар, өнеркәсiптiк меншiкке құқықтар, өнертабысқа құқықтар, жеке және заңды тұлғалар өндiрген (оларға тиесiлi) өнiмге, өнеркәсiптiк үлгiлердi, "ноу-хауды" қоса, олар атқаратын қызметке құқықтар;
экспорт - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан өнiмдi осы аумақтан тыс жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатымен әкету, шетелдiктерге қару-жарақпен және әскери техникамен, екi ұдай мақсаттағы өнiммен байланысты қызметтер көрсету және санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқықтар беру;
керi экспорт - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндiрiлген өнiмдi (бұрын әкелiнген және кедендiк ресiмдеуден өткен) оның кеден аумағынан экспорттау, не Қазақстан Республикасында өндiрiлген өнiмдi басқа мемлекеттiң кеден аумағынан үшiншi елдерге экспорттау;
экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу - қазақстандық тауарларды өңдеу және өңделген өнiмдердi кейiннен Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шығару мақсатымен Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;
сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлiмдеушi) - өнiмнiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын және транзитiн жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғалары, шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар;
ядролық және арнайы ядролық емес материалдар - ядролық қаруды таратпау жөнiндегi халықаралық режимнiң талаптарына сәйкес осындай деп белгiленген материалдар;