1. Қоса тіркеліп отырған Қаржы полициясы органдарында қызметтік тергеулер жүргізу тәртібі туралы ереже бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қаржы полициясы органдарында қызметтік тергеулер жүргізу туралы ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының 2011 жылғы 8 қарашадағы № 174 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 6 желтоқсанда № 7328 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабы 10-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
2. Осы бұйрық қаржы полициясы органдары жеке құрамының мәліметіне жеткізілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді.
Төраға қаржы полициясының генерал-майоры Қ. Қожамжаров
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2011 жылғы 8 қарашадағы № 174 бұйрығымен бекітілген
Қаржы полициясы органдарында қызметтік тергеулер жүргізу туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 58-бабы 10-тармағына сәйкес әзірленген және қаржы полициясы органдарында қызметтік тергеулерді жүргізу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ереже).
2. Ережеде келесі түсініктемелер қолданылады:
1) қаржы полициясы органдарындағы қызметтік тәртіп - Қазақстан Республикасының заңнамасымен, қаржы полициясы органдары басшыларының және уәкілетті басшыларының актілерімен белгіленген нормалар мен ережелерді қызметкерлермен міндетті сақтау;
2) құқық қорғау органдарының беделін түсіретін теріс қылықтар - іс-қимылдар, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты емес, бірақ азаматтардың көз алдында құқық қорғау қызметінің беделі мен мәртебесін түсіретін, атап айтқанда: қызметкерлердің қоғамдық орындарға мас күйінде немесе нашақорлық мас күйінде келуі (құқық қорғау органдарына қатыстылығы айналасындағылар үшін айқын); сотталғандар, тергеуде жүрген адамдармен рұқсат етілмеген байланысты болу; тергеу жүргізуге зиян келтірген жедел сипаттағы ақпаратты жариялау; заңсыз әрекет жасаған азаматтарға көмектесу; қызмет бабын өз пайдасы мақсатында қолдану; теріс қоғамдық резонанс туғызған қызметкерлермен, тыңдаушылармен және курсанттармен жарғыдан тыс қатынастар жасау; кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрімен айналысу, оның ішінде коммерциялық делдал болу, сондай-ақ қызмет бабын пайдалану арқылы жұмыстар мен қызметтер көрсету;
3) қызметтік тергеу – қызметкердің тәртіптік теріс қылықты жасауының мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында жүргізілетін, ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру, сондай-ақ қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке себепсіз тартуға жол бермеу жөніндегі қызмет;
4) тәртіптік жаза (бұдан әрі – жаза) – тәртіптік жазалауға тартылатын қызметкерді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар лауазымды тұлға қызметкерге қолданатын тәртіптік жауапкершілік шарасы;
5) тәртіптік жауапкершілік – тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;
6) тәртіптік теріс қылық – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы атқармау кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін) бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді сақтамауы.
Тәртіптік теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді: елеусіз, елеулі және ауыр.
Елеусіз теріс қылық - қызметкер алғаш рет немесе бұрын қолданылған жазаны алып тастағаннан кейін жасаған теріс қылық, ол қызметкерге сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі жазаны қолдануға әкеп соғады, бұған жасалғаны үшін жұмыстан босату көзделген теріс қылық қосылмайды.
Полная версия

