1. Қоса берiлiп отырған:
Внимание! Документ утратил силу с 05.03.1999
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 19 қараша N 1608. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.05. N 206 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереже;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң құрылымы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санына сүйене отырып 210 адам (комитеттердi, департаменттердi және басқармаларды қоса алғанда) болып, қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне үш вице-министр, сондай-ақ 10 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
#$3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 25.02.1998. № 144
қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аппараты үшiн 8 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.02.2
5. N 144 қаулысымен. 5. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 877 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 22, 193-құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (Ауылшарминi) туралы ЕРЕЖЕ I. МИССИЯ Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсiбi кешенiнiң салаларын орнықты дамыту саясатын қалыптастыру және жүргiзу.
II. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады және жер ресурстарын басқару саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады.
Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Министрлiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн қаржыландыру мемлекеттiк бюджетте көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Министрлiктiң құрылымы мен штат санын белгiлейдi.
Министрлiк заңды тұлға болып табылады, бюджеттiк және ағымдағы шоттары, Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
III. БАСЫМДЫҚТАРЫ
Министрлiк қызметiнiң негiзгi басымдықты бағыттары:
агроөнеркәсiп кешенiнде экономикалық реформаларды жүзеге асыру;
сыртқы және iшкi рынокта бәсекелестiк қабiлетi бар отандық тағам өнiмдерi мен ауыл шаруашылығы шикiзатын өндiру үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;
нарықтық инфрақұрылымды, сервистiк материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету жүйесiн, агроөнеркәсiп кешенiн ақпараттық қамтамасыз етудi қалыптастыру;
орман, аң және балық ресурстарын қорғау, ұдайы өндiру және ұтымды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желiсiн дамыту;
сыртқы және iшкi рынокта ауыл шаруашылығы өнiмiн өткiзуге жәрдемдесу болып табылады.
IV. НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI
Министрлiк:
агроөнеркәсiп кешенiн әлеуметтiк-экономикалық дамытудың стратегиялық жоспарларын әзiрлеу мен жүзеге асыруды;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, су және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды қоса алғанда, ауыл, орман, аң және балық шаруашылықтарын дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеудi және оны iске асыруға қатысуды;
ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аң және балық шаруашылығы өндiрiсiнде, жердi және суды пайдалануда мемлекеттiк саясатты әзiрлеудi және оны жүзеге асыруды;
маркетингтiк қызметтердi дамытуды және агроөнеркәсiп кешенiн ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыруды;
агроөнеркәсiп кешенiнде реформаларды қамтамасыз етудi, ауыл шаруашылығының нарықтық экономикаға бар-бар құрылымдарының әр түрлi тиiмдi нысандарын дамытуды;
ауыл шаруашылығы, балық, орман және аңшылық өнiмiн өндiру мен ұқсатуды тұрақтандыру мен өсiру жөнiндегi шаралар кешендерiн жүзеге асыруды;
мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды және техникалық және энергетикалық қамтамасыз етуге, химияландыруға және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауға, мелиорациялауға, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiруге сервистiк қызмет көрсетуге жағдайлар жасауды;
жер қатынастарын дамыту, жермен шаруашылық жүргiзудiң түрлi нысандарының тиiмдi жұмыс iстеуi, жерлердiң құнарын сақтау мен ұдайы өндiруге, оларды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларды жүзеге асыру үшiн құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
V. ФУНКЦИЯЛАРЫ
Агроөнеркәсiп кешенiн мемлекеттiк реттеу мен қолдау жөнiндегi шараларды әзiрлеуге қатысады;
ауыл, балық, орман және аңшылық, су шаруашылығы мен жер қатынастары мәселелерi бойынша заң жобаларын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
республиканың орман, аң және балық ресурстарын пайдалану жөнiнде ұйымдастыру және рұқсат беру шараларын, сондай-ақ олардың жай-күйiне, қорғалуына, күзетiлуiне, ұдайы өндiрiлуiмен және сарықпай пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруды;
мал дәрiгерлiгi профилактикалық шараларының орындалуын, республика аумағын жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының таралуынан қорғауды ұйымдастырады;
Каспий теңiзiнiң биологиялық ресурстарын сақтау және пайдалану мәселелерiнде Каспий аймағы мемлекеттерiнiң балық шаруашылығының мемлекеттiк басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
республиканың бүкiл аумағында балық запасын қорғау, ұдайы өндiру және балық аулауды реттеу жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
су ресурстарын пайдалану мен қорғауды, мемлекетаралық су бөлудi реттейдi;
шектес мемлекеттермен геодезиялық, топографиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асыруды үйлестiредi;
мемлекетаралық сыртқы экономикалық байланыстардың басым бағыттарын белгiлеуге қатысады, инвестицияларды ауыл, балық, орман, аңшылық, су және жер шаруашылықтарында пайдалануға жағдай тудырады;
балық, орман және аңшылық ресурстарын, су және жер қорын, карантиндi өсiмдiктердi, тұқымды ұтымды пайдалану, қорғау және ұдайы өндiру, мал дәрiгерлiгi заңдарының, асыл тұқымды iсi мен техника қауiпсiздiгiнiң орындалуы үшiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
VI. ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI
Министрлiктiң жүктелген мiндеттерге сәйкес:
өз құзыретiндегi мәселелер бойынша атқарылуға мiндеттi шешiмдер қабылдауға және нормативтiк актiлер шығаруға;
заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
заңда белгiленген тәртiппен Министрлiкке жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн статистика органдарынан және тиiстi министрлiктер мен ведомстволардан қажеттi есеп деректерiн алуға;
заңда белгiленген тәртiп пен жағдайларда лицензиялауды жүзеге асыруға;
өз құзыретi мен өкiлеттiктерiнiң шегiнде мемлекеттiк меншiктегi мүлiктi пайдалануды жүзеге асыруға;
суармалы жерлердi мелиорациялаудың жай-күйi мен пайдалану үшiн техникалық қадағалауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау және жайылымдарды суландыру үшiн инженерлiк қадағалауға;
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
тұқым шаруашылығында, сортты сынауда және сортты жаңалауда, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының жаңа тұқымын өсiрiп шығаруға және қолдауға, балықтың жаңа түрлерiн жерсiндiруге;
орман, аңшылық, балық, жер мен су ресурстарын ұтымды пайдалануға, ұдайы өндiруге және қорғауға;
еңбектi, өртке қарсы қауiпсiздiктi, машина-трактор паркiнiң техникалық жай-күйiн қорғауға;
карантин қызметi, тұқымдық iс, мал дәрiгерлiгi, өсiмдiктер мен ормандарды қорғау жөнiндегi нормативтiк актiлердi сақтауға;
мал дәрiгерлiгi препараттарын өндiруге құқығы бар.
VII. МИНИСТРЛIКТIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Министрлiк пен оның аймақтық органдары Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын Министр басқарады.
Министрдiң өзiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.
Комитеттердiң төрағаларын министрдiң ұсынуымен Үкiмет қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Министрлiктiң орталық аппараты Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттер мен басқармалардан тұрады.
Министрлiктiң құрамына төрт комитет енедi, олар заңды тұлғалар болып табылады және банктерде шоттары бар. Комитеттердiң өздерiнiң аймақтық органдары болады.
Комитеттер Министрлiктiң құзыретi шегiнде атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi және мемлекеттiк басқарудың iшкi салаларына басшылықты жүзеге асырады. Комитеттер туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Министр Министрлiк қызметiн басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
Министр өзiнiң орынбасарларының және Министрлiктiң басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiнiң шеңберiн айқындайды;
Министрлiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
облыстық ауыл шаруашылығы органдарының басшыларын тағайындауға келiсiм бередi;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда бiлдiредi;
Министрлiктiң орталық аппаратының штат кестесiн және Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi бекiтедi;
өз құзыретiнiң шегiнде Министрлiктiң жүйесiне енетiн комитеттердiң, департаменттердiң, басқармалардың, кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдар мен мекемелердiң орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады және нұсқаулар бередi.
Министрлiк қажеттi жағдайларда республиканың басқа да министрлiктермен және ведомстволармен бiрлескен бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады. Министрлiкте Министр (алқа төрағасы) бастаған құрамында Министрдiң орынбасарлары (Вице-министрлер), сондай-ақ Министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi бар алқа құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi. Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi. Министрдiң орынбасары (вице-министр) Министр болмаған кезде оның қызметiн атқарады, Министрлiк жанындағы комитеттердiң қызметiн үйлестiредi, өзiне Министр жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI Өсiмдiктердiң карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекция облыстық мемлекеттiк инспекцияларымен Республикалық өсiмдiк қорғау станциясы Республикалық астық инспекциясы Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi республикалық мемлекеттiк комиссия облыстық инспектураларымен, сорт сынау станцияларымен және учаскелерiмен Республикалық мемлекеттiк тұқым инспекциясы облыстық және аудандық мемлекеттiк тұқым инспекцияларымен "Қазақ мемлекеттiк аймақтық машина сынау станциясы" қазыналық кәсiпорны (ҚазМСС) "Павлодар мемлекеттiк аймақтық машина сынау станциясы" қазыналық кәсiпорны "Тың мемлекеттiк машина сынау станциясы" қазыналық кәсiпорны Жетiсу гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы "Инжгеодезия" Алматы инженерлiк-геодезиялық қазыналық кәсiпорын "Картография" картографиялық қазыналық кәсiпорны "Картографиялық және геоақпараттық жүйелер ғылыми-өндiрiстiк кәсiпорны" қазыналық кәсiпорны (ҚартақпарагҒӨК) "Орталық картографиялық-геодезиялық қор" қазыналық кәсiпорны (ОКГК) "Ақмолатопогеодезия" Ақмола топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорны "Ақтөбегеодезия" Ақтөбе картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорны "Жамбылгеодезия" Жамбыл картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорны "Қарағандымаркшедерия" Қарағанды топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорны "Шымкентгеодезия" Оңтүстiк Қазақстан топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорны "Талғаргеодезия" Талғар топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорны "Көкшетаугеодезия" топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорны "Семейгеодезия" топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорны "Талдықорғангеодезия" топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорны Майбалық балық питомнигi Қазақ өндiрiстiк-жерсiндiру станциясы Қапшағай уылдырықтандыру-өсiру станциясы Қапшағай уылдырықтандыру-өсiру шаруашылығы Жезқазған балық питомнигi Қамыстыбас балық питомнигi Зерендi балық питомнигi Жоғарғы Тобыл балық питомнигi Качир балық питомнигi Шiдертi уылдырықтандыру-өсiру шаруашылығы Петропавл балық питомнигi Қарағанды балық питомнигi Қазақ мемлекеттiк теңiзде жүзу қауiпсiздiгi мен балық өнеркәсiбi флотын порттық қадағалау инспекциясы (Қазақмембалықфлотинспекциясы) Мемлекеттiк жер ресурстары және жерге орналастыру жөнiндегi ғылыми-өндiрiстiк орталығы (МемжерҒӨО) еншiлес кәсiпорындарымен Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық зерттеулер жөнiндегi институты (МАШҒЗИ) Қазақ жер мониторингi және экожүйелер қазыналық институты (ҚазЖМИ) Қазақ орман орналастыру кәсiпорны Республикалық орман инженерлiк селекциялық-тұқым орталығы (ОИСТО) Алматы аймақтық орман инженерлiк селекциялық-тұқым шаруашылығы орталығы (ОИСТО) Қазақ ормандары авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы "Охотзоопром" ӨБ-нiң "Лавар" оқу-өндiрiстiк селекциялық кәсiпорны Қазақ орман шаруашылығын жобалау институты (Қазгипроорманшар) Қазақ орман шаруашылығының бас қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру институты (ҚазОШБАИ) Қазақ республикалық орман-тұқым шаруашылығы станциясы Шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк мал дәрiгерлiгiн қадағалау бас басқармасы Ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларына қарсы күрес жөнiндегi республикалық экспедиция Жануарлардың аса қауiптi аурулары жөнiндегi республикалық аймақтық мамандандырылған мал дәрiгерлiгi лабораториясы "Союзцелинвод" тресi "Спецводопроводсельстрой" кәсiпорны Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi кәсiпорын Шардара ГЭС-i су қоймасымен "Қызылордасельхозводопровод" тресi Тасөткел су қоймасын пайдалану жөнiндегi басқарма "Суавтоматика" ғылыми-өндiрiстiк орталығы Конаев атындағы Үлкен Алматы каналы мен Бартоғай су қоймасын пайдалану жөнiндегi басқарма "Арал" салынып жатқан кәсiпорындардың бiрiккен дирекциясы "Қазсуресурстары" ғылыми-техникалық ақпарат орталығы "Қазагромелиоводхоз" республикалық мелиорация және су шаруашылығы өндiрiстiк бiрлестiгi Республикалық маркетингтiк зерттеулер мен нарықтық ақпараттар орталығы Республикалық баспа-әдiстемелiк орталығы "Ауыл жастары" республикалық ауыл шаруашылығы бiрлестiгi "Ауыл" газетiнiң редакциясы "Сельская новь" газетiнiң редакциясы Өндiрiстiк-пайдалану басқармасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi департаментi Қаржы департаментi Маркетинг және аграрлық саясат департаментi Ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бақылау басқармасы Заң қызметi (бөлiм) Мал дәрiгерлiгi комитетi (заңды тұлға құқығында) Орман, балық және аң шаруашылығы комитетi (заңды тұлға құқығында) Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) Су ресурстары жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) Қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.2
2. N 382 қаулысымен. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 891 қаулысымен.
Полная версия