Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі N 556 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6522 болып енгізілді
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Редакция 16.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 498) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (24.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы бекiтілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
2. «Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу және пайдалану ережесі бекітілсін туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 21 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4549 нөмірмен тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров Ж. Ы.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министірінің м.а.
 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 556
 бұйрығымен бекітілген
Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы
Тақырыбы жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1. Осы Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 498) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелері) рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда - РҚ Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 № 17-03/541 (01.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (24.10.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Бейнесін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітетін табиғат қорғау мекемесінің эмблемасы мен жалауы оның рәміздері (бұдан әрі – рәміздер) болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi