Близость слов: Окончание:





Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 74 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2014 жылғы № 791 Қаулысымен (03.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 14.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2014 жылғы № 791 Қаулысымен (03.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он  күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 3 ақпандағы
 № 74 қаулысымен
 бекітілген
Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.07.2014 жылғы № 791 Қаулысымен (03.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.06.2021 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес (03.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) осы Қағидалардың 7-бөлімінде көрсетілген Үндістан Үкіметі Атом энергиясы департаментінің Сатып алу және материалдық қорлар басқармасымен, сондай-ақ осы Қағидалардың 8- бөлімінде көрсетілген EIectricite de France француз атом электр станциялары операторымен жасалған мәмілелерді қоспағанда, табиғи уран концентратын сатып алу-сату келісімшарттарына сәйкес жасалатын мәмілелер бойынша табиғи уран концентратын өткізу бағаларын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.07.2015 жылғы № 527 Қаулысына сәйкес (11.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1041 Қаулысына сәйкес (15.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.02.2016 жылы № 68-69, 519-құжат Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ында жарияланды
2-тарау. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.06.2021 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес (03.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер, анықтамалар және аббревиатуралар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.06.2021 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес (03.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) байытылған уран өнімі (БУӨ) – урандағы U-235 изотопының концентрациясы 5 %-ға дейін уран гексафториді нысанындағы сәулелендірілмеген уран (ядролық материалдағы U-235 изотопының жалпы салмағын ядролық материалдағы барлық уран изотоптарының жалпы салмағына бөлу және салмақ пайызын (салмақ %-ы) анықтау үшін 100-ге көбейту арқылы анықталады);
2) дисконт – сатушы сатып алушыға ұсынатын, табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшартта белгіленетін, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын мәмілелер кезінде 0 (нөлден) 8 (сегіз) пайызға дейінгі, экспорттық мәмілелер және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жасалатын мәмілелер кезінде 0 (нөлден) 5 (бес) пайызға дейінгі мәнге тең бағадан жеңілдік, пайызбен (%) көрсетіледі;
3) дифференциал – табиғи уран концентратының бір фунтына АҚШ долларымен немесе уранның бір килограмы үшін теңгемен көрсетілген, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес мәміле бағасын немесе ақпарат көздерінен алынған бағаны салыстырмалы экономикалық жағдайға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері. Дифференциалдың құрамдас бөлшектері құжаттамамен немесе ресми қабылданған ақпарат көздерімен расталуға тиіс.
Бұл ретте «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының резиденттерімен жүзеге асырған мәмілелер бойынша табиғи уран концентраттарын конверсиялық кәсіпорындарға дейін жеткізумен байланысты шығыстарға қатысты дифференциал «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы ішкі қағидаларына сәйкес расталады. Уранды ҚХР аумағына жеткізуге арналған көлік дифференциалы Қытай ядролық энергетикалық өнеркәсіп корпорациясының (CNEIC) және/немесе табиғи уран концентратын сатып алушының ресми құжатымен расталады;
4) қысқа мерзімді келісімшарт – келісімшартты, соның ішінде негіздемелік келісімнің қолданылуы шеңберінде жасасқан келісімшартты жасасқан күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын табиғи уран концентратын жеткізу мерзімімен табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшарт. Қысқа мерзімді келісімшарт оферта қабылданған (акцепт) күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмей жасалуға тиіс;
5) мәміле бағасы – осы Қағидаларға сәйкес келісімшартта белгіленген формула бойынша есептелген табиғи уран концентратының фунтын өткізу бағасы. Егер келісімшарт бойынша төлем валютасы АҚШ доллары болып табылмаса, онда мәміле бағасына келісімшартта көрсетілген АҚШ долларын меншік құқығы ауысқан күнгі қолданыстағы бағам бойынша төлем валютасына ауыстырудың коэффициенті қолданылады;
6) негіздемелік келісім – тараптар жекелеген шарттарды жасасу, тараптардың бірінің өтінімдерді беруі арқылы немесе негіздемелік келісімнің негізінде немесе оны орындау үшін өзгеше нақтыланатын және анықталатын тараптардың міндеттемелік өзара қарым-қатынастарының жалпы талаптарын айқындайтын тараптардың келісімі. Негіздемелік келісімде жеткізу талаптарының бір бөлігі айқындалады, ынтымақтастық қағидаттары белгіленеді, бірақ жекелеген елеулі талаптар (сатып алудың нақты көлемдері, бағалары, мерзімдері және т.б.), яғни тараптардың шарттың кейбір жалпы талаптарын көздейтін мәмілені жүзеге асыру ниеттері анықталмаған. Тараптар негіздемелік келісім күшіне енгеннен кейін және оның қолданылу мерзімі ішінде анықтайтын, тараптардың жекелеген егжей-тегжейлі кейінгі уағдаластықтарын анықтау қажеттілігіне байланысты табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға негіздемелік келісім дербес келісімшарт ретінде қаралмайды. Мұндай қажетті елеулі талаптар жеткізудің (бір немесе бірнеше) көлемдері, тауар бірлігі үшін баға, жеткізу мерзімдері, орны және әрбір нақты жағдайда қосымша құжатқа – жеке шартқа, растаушы келісімшартқа немесе сатып алу туралы хабарламаға (яғни офертаға) және қабылдау туралы хабарламаға (яғни оферта акцептіне) қол қою арқылы келісілетін басқа да талаптар болып табылады. Мұндай құжат бойынша әрбір жекелеген жеткізілім осы Қағидаларға сәйкес дербес жеке келісімшарт ретінде қаралады;
7) орта мерзімді келісімшарт – келісімшартты жасасқан күннен бастап бір жарым жылдан 3 (үш) жылға дейін табиғи уран концентратын жеткізу мерзімімен табиғи уран концентратын сатып алу-сатуға арналған келісімшарт;
Полная версия
ИС BestProfi