Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерiне диплом беру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 тамыз N 936
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелеріне диплом беру ережесi бекiтілсiн.
2. "Теңiз кемелерiнің басшылық құрамындағы адамдардың атақтары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 28 ақпандағы N 233 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 12, 144-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 22 тамыздағы
 N 936 қаулысымен
 бекiтілген
Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерiне диплом беру ЕРЕЖЕСI
1. Осы Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерiне диплом беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының және Теңiзшiлердi даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияның және осы Конвенцияға 1995 жылғы түзетулердiң (бұдан әрi - 1978 жылғы Конвенция) негiзiнде әзiрлендi.
2. Маманның дипломдары, бiлiктiлiк және арнайы куәлiктерi: 
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына; 
2) Қазақстан Республикасының теңiз оқу орындарын бiтiрген шетел азаматтарына; 
3) кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi, аға механик және радиомаман лауазымдарына орналасуға құқығы жоқ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астындағы кемелерде жұмыс iстейтiн немесе жұмыс iстеген шетел азаматтарына; 
4) кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi, аға механик және радиомаман лауазымдарына орналасуға құқығы жоқ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде теңiз оқу орындарын бiтiрген және оны Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес дәлелдеген шетел азаматтарына берiледi.
3. Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерiнiң туы астында жүзетiн және шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерiнiң кемелерiн, коммерциялық тасымалдармен айналыспайтын серуендiк яхталар мен қарапайым конструкциялы ағаш кемелердi қоспағанда, теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерiне маман дипломдарының, бiлiктiлiк және арнаулы куәлiктерiнiң мынадай түрлерi берiледi: 
Полная версия
ИС BestProfi