1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 12.03.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 ақпан N 156 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті бекітілсін (қоса беріліп отыр). 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1599 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1599 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 шілдедегі N 676 қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті 1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті бекітілсін (қоса беріліп отыр). 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1599 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 қарашадағы N 1599 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 шілдедегі N 676 қаулысы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті 1. Жалпы ережелер
2. Үкіметтің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.06.2001. № 856
қаулысымен.
3. Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін ақпараттық-талдаулық, құқықтық, консультативтік, ұйымдастырушылық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Кеңсе) жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс қағаздарын жүргізу және Үкіметке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу Кеңсеге жүктеледі және Кеңсе белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Соттарда Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметті және Премьер-Министрді білдіруді әрі олардың мүдделерін қорғауды сот дауының мәнісі болған мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік орган жүзеге асырады. Әділет министрлігі тиісті мемлекеттік органға құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.
Соттарда Үкіметі және Премьер-Министрді білдіру әрі олардың мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде Премьер-Министрді білдіру, прокурорлық назар аудару актілерін қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қойылатын талап-арыздар мен талаптарға мемлекеттік органдар дайындаған жауап-пікірлер жобаларын сараптамадан өткізу жекелеген жағдайларда Премьер-Министрінің шешімі бойынша Кеңсеге жүктелуі мүмкін.
Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін ресми түсіндіруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.01.2000. № 116
қаулысымен.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 25.06.2001. № 856
қаулысымен.
6. Үкіметтің құзыретіне кіретін кадр мәселелерін шешу Республиканың заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жұмысты жоспарлау
7. Үкіметтің мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін Үкімет мүшелерінің, агенттіктер мен акционерлік қоғамдар (ұлттық компаниялар) төрағаларының ұсынысы бойынша кезекті тоқсанға дейін он бес күн бұрын Кеңсе жасайды. Үкіметтің мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тізбесі Республика Премьер-Министрінің өкімімен бекітіледі.
Жоспарланған мәселелердің бекітілген тізбесі Үкімет мүшелеріне, агенттіктер төрағаларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, Кеңсе бөлімдерінің басшыларына, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тізім бойынша жіберіледі.
Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы не Кеңсенің Басшысы ұсынатын анықтаманың негізінде Республиканың Премьер-Министрі қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерін дайындаудың және оларды өткізудің тәртібі
8. Үкіметтің мәжілісі кемінде айына бір рет өткізіледі және оны Республиканың Премьер-Министрі не Президенті шақырады.
Полная версия