Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 17.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Республика және өңiр экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 467 қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Республика және өңiр экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу eрежесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 26 сәуірдегі
 N 467 қаулысымен
 бекітілген
Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу ережесі
1. Осы Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу ережесі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес әзірленді және жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген, сондай-ақ жеке меншіктегі Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрі - су шаруашылығы құрылыстары) уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібін белгілейді. 
2. Республика және өңір экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар су шаруашылығы құрылыстарына республика немесе өңір халқы мен экономикасының тіршілігін қамтамасыз етуге басым ықпал ететін су шаруашылығы құрылыстары жатады. 
3. Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында уақытша мемлекеттік басқару енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi