Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.02.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі. 1999 жылғы 3 қараша N 88
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді беру тәжірибесін жетілдіру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультативтік-кеңесші орган - Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия құрылсын және оның дербес құрамы бекітілсін (N 1 - қосымша).
2. Комиссияның негізгі міндеті Мемлекет басшысының атына келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер беру туралы ұсыныстарды алдын ала қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті ұсыныс енгізу болып табылады деп белгіленсін.
3. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (N 2 - қосымша).
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары әскери, арнаулы және өзге атақтар жөніндегі комиссия туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3238 өкімінің  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 48, 468-құжат) күші жойылды деп танылсын.
N 1-қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88 өкімімен бекітілген
Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның дербес құрамы Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-қосымша алынып тасталды ҚР 18.04.2002. № 88 өкімімен.
Полная версия
ИС BestProfi