Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 ақпандағы N 99 Өкімі
1) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88  өкiмiне  мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
аталған өкiммен бекiтiлген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссия туралы Ереженiң 4-тарауының 5-тармағындағы "Мемлекеттiк-құқық бөлiмi" деген сөздер "Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 18 сәуiрдегі N 323  өкiмiне  (Қазақстан Республикасының  ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 50, 638-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған өкiммен бекiтiлген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: 
Жұмабеков Оңалсын Исламұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төраға,         Баймағанбетов Серiк Нұртайұлы - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгінiң Құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң меңгерушiсi,         Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы;
көрсетiлген комиссия құрамынан Б.М. Имашев, М.К.Әбiлхатаев, А.А.Тiлеубердин шығарылсын.
Полная версия
ИС BestProfi