1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (9-шығарылым) бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 28.05.2021
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (9-шығарылым) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 98-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 сәуірде № 7597 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 28 мамырдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.04.2021 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә.Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Вице-министрi Б.Б.Нұрымбетовке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Г. Әбдіқалықова
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 27-наурыздағы № 98-ө-м бұйрығымен бекітілген
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (9-шығарылым)
1. Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (9-шығарылым) «Электр станцияларымен желі жабдықтарын пайдалануға беру, энергия тұтынушыларына қызмет көрсету», «Электр станциялар мен желілердің жабдықтарын жөндеу», «Жылу электр станциялары», «Гидроэлектр станциялар», «Электр желілері», «Жылу желілері», «Энергия өткізу және оны пайдалану жөніндегі кәсіпорын (энергия өткізу)» бөлімдерінен тұрады.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы «Жұмыс сипаттамасы», «Білуге тиіс» және «Жұмыс үлгілері» деген үш бөлімнен тұрады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.
«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.
«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, ақау түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.
«Жұмыс үлгілері» бөлімінде осы кәсіп пен жұмыстардың разрядына анағұрлым үйлесімді жұмыстардың тізбесі келтіріледі. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде атқарылатын жұмыстардың суреттемесі жеткілікті түрде толық берілген жағдайларда, біліктілік сипаттамаларында «Жұмыс үлгілері» бөлімі келтірілмейді.
БТБА осы шығарылымында кейбір кәсіптердің біліктілігі төмен топтарының сипаттамаларында өндіріс жағдайын немесе орындалатын жұмыс сипаттамасын негізге ала отырып, жекелеген жұмыстар біліктілігі жоғары жұмыскердің басшылығымен орындалады деп көрсетілген.
Бұндай жағдайларда біліктілігі жоғары жұмыскерлер осы кәсіптегі біліктілігі төмен жұмысшыларды басқара білулері керек. Осыған байланысты төмен разрядты кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар ережеге сәйкес жоғары разрядтардың сипаттамаларында берілмейді.
Агрегаттарға, машиналарға және басқа технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен байланысты жұмыстарға тағайындалған жұмысшыға кәсіпорынның әкімшілігі кәсіподақтар комитетінің келісімі бойынша, егер жұмысшы технологиялық процестерді өздігінен жүргізу шаралары мен әдістерін игермесе, 6 айға дейін осы БТБА шығарылымында көзделген төмен топ біліктілігін беруге құқығы бар.
Полная версия

