Соттардың азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 2 нормативтік қаулысы
Құжат мәтініндегі «АІЖК», «қадағалау», «тиісті қадағалау», «шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы», «сот қадағалауы тәртібімен» сөздері «АПК», «кассациялық», «өтінішті іспен бірге кассациялық сатының сот отырысының қарауына беру туралы», «кассациялық тәртіппен» сөздерімен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тақырып өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 жылғы № 2 Нормативтік қаулысына сәйкес (20.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
18.04.2017 жылы № 74 (28453) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «талапкерлер», «талапты», «Кассациялық сатысындағы сот», «кассациялық сатысындағы сот», «кассациялық сатысының соты», деген сөздер тиісінше «талап қоюшылар», «талап қоюды», «Кассациялық сатыдағы сот», «кассациялық сатыдағы сот», «кассациялық сатының соты» сөздерімен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысына сәйкес (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі — АПК) кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Кіріспе өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Заңдылық қағидатына және әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарына жауап беретін сот актісін (шешімді, ұйғарымды, қаулыны, сот бұйрығын) шығару мақсатында әрбір азаматтық істі қарау кезінде материалдық және процестік құқық нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігіне соттардың назары аударылсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. АПК-нің 148-бабына сәйкес талап қоюшылар арыздарда тек талаптарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге бұзу мәнін немесе өздерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу қаупін, өз талаптарын негіздеген мән-жайларды, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұнын егжей-тегжейлi баяндауға міндетті.
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысымен (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Прокурордың мемлекеттің немесе қоғамның не азаматтың мүддесін көздеп қойған талаптары АПК-нің 148-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
АПК-нің 151, 152, 272, 273, 277, 279-баптарында көзделген талап қоюды қабылдаудан бас тартудың не талап қоюды талап қоюшыға қайтарудың немесе қараусыз қалдырудың, ал қозғалған азаматтық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың не қысқартудың негіздері түпкілікті болып табылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақ алынып тасталды ҚР Жоғарғы Сотының 19.01.2018 жылғы № 2 Нормативтік Қаулысымен (31.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.01.2018 жылы № 20 (28649) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. АПК-нің 47-бабының екінші бөлігіне сәйкес, заңнамалық актілермен көзделген жағдайларда заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар да іс бойынша тараптар бола алады.
АПК-нің 47-бабының екінші бөлігіне сәйкес заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар да іс бойынша тараптар бола алады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларды (компанияларды, фирмаларды, кәсіпорындарды және т.б.) шетелдік ұйымдар деп түсіну қажет. Қазақстан Республикасының аумағында оның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, оның ішінде бірлескен кәсіпорындар мен шетелдік инвесторға толығымен тиесілі кәсіпорындар шетелдік ұйымдар болып табылмайды.
7. АПК-нің 34-бабы екінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда істі бір соттың іс жүргізуінен басқа соттың іс жүргізуіне беру заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде жүргізіледі. Тараптардың осындай ұйғарымдарға жеке шағымдарын, прокурордың өтінішхатын апелляциялық сатыдағы сот қарайды.
7-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен.
7-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
АПК-нің 34-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз болған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысатын адамдарға істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабарламастан, істің нақты қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарымды жеке-дара шығарады.
Соттар арасында нақты істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысатын адамдарға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарламастан және соттың істі басқа соттың іс жүргізуіне жіберу туралы ұйғарымының күшін жоймастан, істің нақты қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады.
Апелляциялық саты сотының ұйғарымы және жоғары тұрған соттың судьясының істің қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарымы шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды.
8. Сотта талап қоюшылар мен жауапкерлердің мүдделерін олардың заңды өкілдері және сенімхатта көрсетілген адамдар (тапсырма бойынша өкілдер) білдіре алады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысымен
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 20.05.2016 жылғы № 3 Нормативтік қаулысымен (29.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.05.2016 жылы № 99 (28827) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 15.04.2021 жылғы № 1 Қаулысымен (20.04.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.09.2022 жылғы № 8 Нормативтік Қаулысымен (15.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (28.11.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өкілдің сенімхатында АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігінде көзделген процестік әрекеттердің ішінен өкіл сенім білдірушінің атынан сотта жасауға құқылы процестік әрекеттер санамалануы тиіс.
Егер өкілге берілген сенімхатта оның нақты өкілеттіктері көрсетілмесе, онда өкіл АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігіне сәйкес берілуі тиіс өкілеттіктерден басқа процестік әрекеттерді жасауға (іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жасауға, өтінішхаттар білдіруге, даудың мәні бойынша түсіндірмелер беруге және т.б.) құқылы.
Адвокат куәлігі және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама адвокатқа заңгерлік көмек көрсетуге өтініш білдірген тұлғаның мүддесін сотта білдіру (іс материалдарымен танысу, олардан үзінді көшірмелер жасау, өтінішхаттар білдіру, даудың мәні бойынша түсіндірмелер беру және т.б.) құқығын береді, бірақ сенімхатты алмастырмайды және адвокатқа АПК-нің 60-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген процестік әрекеттерді жасау құқығын бермейді.