1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз салалық реттеуіштер құру тұжырымдамасы мақұлдансын.
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Тәуелсіз салалық реттеуіштер құру тұжырымдамасын мақұлдау және тәуелсіз салалық реттеуіштер құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1153 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (30.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 16-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»30»қарашадағы N 1153 қаулысымен мақұлданған
Тәуелсіз салалық реттеуіштер құру тұжырымдамасы
Астана, 2007 жыл
Мазмұны
Кіріспе
1. Ағымдағы жағдай
2. Тәуелсіз салалық реттеуіштер құрудың мақсаттары мен міндеттері
3. Тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің негізгі қағидаттары мен тетіктері
4. Салалық реттеуіштер құрудан күтілетін нәтижелер
Кіріспе
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне жәрдемдесу мақсатында бәсекелестікті дамыту үшін субъектілердің отандық нарыққа кіруіне бөгет болатын кедергілерді анықтау және жою қажет. Осы үдеріске арнайы алқалы органдар - өзінде тарифтік және техникалық реттеу функцияларын үйлестіретін тәуелсіз салалық реттеуіштер (бұдан әрі - реттеуіштер) құру ықпал ететін болады.
Әлемде реттеудің әр түрлі қағидаттары және әдістерін пайдаланатын, әр түрлі ұйымдастыру құрылымдарымен және функционалдық мүмкіндіктермен құрылған және жұмыс істейтін реттеу институттарының сан алуан түрлері бар. Сонымен бірге реттеуіштерді құрудың жинақталған қорытылған халықаралық тәжірибесі олардың қызметінің негізгі қағидаттарға сәйкестігі бөлігінде олардың ортақ екендігін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік, функционалдық дербестік, алқалылық, есептілік, ашықтық пен айқындылық, болжамдылық және дәйектілік осындай қағидаттар болып табылады.
Монополиядан бәсекелестікке өтудің бастапқы кезеңінде реттелетін субъектілерден де, үкіметтен де тәуелсіз, әсіресе үкімет тікелей немесе басқа нәрсе арқылы олардың меншік иесі немесе қосымша бірге иеленуші болып табылатын жағдайда, реттеуіштер құру көптеген елдердің қалыпты шешімі болды.
Полная версия