Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.06.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), ұлттық басқарушы мен ұлттық холдингтер: 
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 
2) апта сайын, есепті аптаның жұма күні сағат 18:00-ге және ай сайын, есептіден кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат берсін. 
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі: 
1) апта сайын, есептіден кейінгі аптаның дүйсенбісіне және ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін; 
2) ай сайын, 15-күнге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берсін; 
3) екі апта мерзімде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, мониторингінің нысандарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізсін. 
4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" және "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамдары ай сайын, есептіден кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат берсін. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Полная версия
ИС BestProfi