"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 20-бабына сәйкес Қаулы етемін:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 151 Жарлығына сәйкес
Редакция 28.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.01.2006 жылғы № 1695 Жарлығымен (03.08.2004 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 22.03.2013 жылғы № 525 Жарлығымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.03.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 4 ақпандағы N 330 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 61-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат; 2003 ж., N 15, 149-құжат).
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығымен бекітілген
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 05.01.2006 жылғы № 1695 Жарлығымен (03.08.2004 ж редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 27.11.2007 жылғы № 446 Жарлығымен (06.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 22.03.2013 жылғы № 525 Жарлығымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.03.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы осы ереже мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін регламенттейдi.
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі – «А» корпусының кадр резерві) – «А» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі.
«А» корпусының кадр резервін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган «А» корпусының кадр резервіне алу үшін Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) ұсыным берген азаматтар қатарынан қалыптастырады.
2. Лауазымынан босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі босатылған күнінен бастап бір жылға Ұлттық комиссияның шешімі бойынша кадр резервіне алынады. Лауазымынан терiс себептермен босатылған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі кадр резервіне алынбайды.
3. «А» корпусының кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеу Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Лауазымдары «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына өзгертілген мемлекеттік қызметшілер «А» корпусының кадр резервіне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеде айқындалатын тәртіппен, Ұлттық комиссияның шешімі бойынша алынады.
5. «А» корпусының кадр резервінен шығару үшін:
1) «А» корпусының кадр резервіне алынған адамның өтініш беруі;
1-1) «А» корпусының кадр резервінен «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуы;
5-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 21.11.2013 жылғы № 697 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2013 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия