Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2012
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1041 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 18.10.2012 № 408 Жарлығымен. (18.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 18.08.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1) "Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою";
2) "Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Президенті                                        Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының 
 Президентінің     
 2010 жылғы 18 тамыздағы 
 № 1041 Жарлығымен    
 бекітілген      
"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
1. Мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі — Бас прокуратура) не балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі — орталық) (осы стандарттың 1-қосымшасы ) арқылы көрсетеді, құжаттарды қабылдау, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 11.00-ден 11.30-ғa дейін, құжаттарды беру сағат 17.30-дан 18.00-ге дейін жүргізіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызметтер "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 2-кіреберіс, Бас прокуратура мекен-жайынан және халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады, олардың тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Интернет-ресурсы: www.procuror.kz. Телефоны (87172) 71-26-76.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің аяқталу нысаны тұлға қолының түпнұсқалығын және оның өкілеттігін куәландыратын, сондай-ақ осы құжатты бекіткен мөр немесе мөртабанның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртабан — апостиль қою болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі — жеке тұлғалар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметтер мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
жеке тұлға Бас прокуратураға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтер көрсетудің мерзімі 1 күннен аспайды. Астана қаласында орналасқан орталықтардан түсетін жеке тұлғалардың сұратуларының орындалу мерзімі — құжаттардың Бас прокуратураға түскен күнінен бастап 1 жұмыс күні. Құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 40 минуттан аспайды. Құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 10 минуттан аспайды;
жеке тұлға Астана қаласында орналасқан орталықтарға жүгінген кезде - қажетті құжаттар Бас прокуратураға түскен күнінен бастап 1 күн (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді). Құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды. Құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды.
Полная версия
ИС BestProfi