1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1010 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 28, 354-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2012
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1010 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 479 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.03.2012 № 361 Қаулысымен (31.05.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесiнде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкiн.";
8-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Аумақтық iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығудан бас тарту негiздерiнiң жоқтығына тексеру жүргiзедi.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға қатысты iшкi iстер органдарының сұрау салуларын мүдделi мемлекеттiк органдар он күн мерзiмде қарайды.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия