Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзуға әкеп соғатын адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың алдын алу және жолын кесу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 983 Қаулысы
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 983 қаулысымен бекiтiлген
Құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.05.2011 № 600 Қаулысымен. (31.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы министрі, төраға
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Берекетов - Қазақстан Республикасы
Махсат Берекетұлы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаменті директорының орынбасары, хатшы
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы істер министрлігінің жауапты хатшысы
Полная версия