Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.06.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 983 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы N 547 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылдың 15 маусымынан бастап ҚР Үкіметінің 07.06.2017 жылғы № 341 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. "Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 39, 400-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құрманғалиева          - Қазақстан Республикасы Мәдениет және   Жанна Дулатқызы          ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы
Рақымбергенов          - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты 
Еркін Мағауұлы           әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және                            халықты жұмыспен қамту департаментінің                            директоры
Моисеева Нелля         - Қазақстан Республикасы Президентінің 
Яковлевна                жанындағы Отбасы істері және гендерлік                            саясат жөніндегі ұлттық комиссия 
                  Хатшылығының бас сарапшысы                            (келісім бойынша)
Аликова                - Халықаралық Көші-қон ұйымының 
Әлия Ерсайынқызы         Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл                            бойынша үйлестірушісі (келісім бойынша)
Есіргепова             - Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және   Гүлнәр Мұратқызы         ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) орталығының адам                            құқығы бойынша қызметкері (келісім бойынша)
Нәбиева                - "Іске асыру және бейімдеу әйелдер 
Гүлзи Әскенқызы          қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің                            директоры (келісім бойынша)
Байсақова              - "Дағдарыс орталықтары одағы" заңды 
Зүлфия Мұхамедбекқызы    тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы                            (келісім бойынша)
Морозова               - "Феминистік лига" қоғамдық бірлестігінің 
Галина Васильевна        президенті (келісім бойынша)       мына: 
"Жошыбаев              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер 
Рәпіл Сейітханұлы        министрінің орынбасары"       деген жолдағы "министрінің орынбасары" деген сөздер "министрлігінің жауапты хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мусин                 - Қазақстан Республикасының Туризм және   Қобыланды Нұрғалиұлы     спорт вице-министрі"       деген жолдағы "вице-министрі" деген сөз "министрлігінің жауапты хатшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Әзімова                - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 
Эльвира Әбілқасымқызы     Халықаралық құқық және мемлекеттің                             мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің                             директоры"       деген жолдағы "директоры" деген сөзден кейін ", хатшы" деген сезбен толықтырылсын;
көрсетілген құрамнан Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы, Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы, Табжанов Дәурен Жұмаханұлы, Бадикова Екатерина Викторовна шығарылсын.
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 
8-тармақтағы "қажеттілігіне қарай" деген сөздер "күнтізбелік жылдың әрбір айының әрбір екінші жұмасында, қажеттілігіне қарай Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндері" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi