Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.07.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығы
Республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы  Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:  
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.  
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;  
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.  
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2002 жылғы 2 сәуірдегі
 N 839 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.  
2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.  
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  
4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарларынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады.  
5. Комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 
2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері
Полная версия
ИС BestProfi