«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 47) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2015
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.09.2015 жылғы № 782 Қаулысына сәйкес «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 153 Бұйрығын қараңыз
Редакция 30.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиісті халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Сертификаттық талаптар әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиация мақсатында ұшуды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Сертификаттық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
2) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау - ұшу қағидасын, ұшуды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және орындауды регламенттейтін құжат;
3) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқау - осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың уақтылы әрі қанағаттандырылған түрде орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушының рәсімдері сипаттауларын қамтитын құжат;
4) пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық - ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен қағидалар кешені;
5) техникалық қызмет көрсету - әуе кемесін ұшуға дайындау кезінде, ұшудан кейін, сақтау және тасымалдау кезінде әуе кемесінің ұшу жарамдылығын (қалпында болуын, жұмысқа қабілеттілігін және дұрыс жұмыс істеуін) қолдау үшін авиациялық техникада орындалатын жұмыстар кешені;
6) нөмірлі құжаттама - ұшуға әуе кемесін мемлекеттік тіркеуді және оның жарамдылығын ресімдеуге, жасаушы зауытта белгілі бір нөмірмен тіркелген әуе кемесінің осы данасы үшін ғана жарамды әуе кемесінің жұмыс атқарымын және техникалық жай-күйін есепке алуға арналған құжаттама.
2. Пайдаланушының ұйымдық құрылымы
4. Пайдаланушы қызмет түріне, пайдаланылатын әуе кемелерінің үлгісіне қарай, ұйымдық құрылымға кіретін қажетті құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2013 жылғы № 1427 Қаулысымен (31.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия

