Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 24.12.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 17-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2154.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкеc, БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Энергетика секторын реттеу жөніндегі департаменті (С.П.Григорьева) осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін: 
осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін; 
осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін. 
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Табиғи монополияларды реттеу
 және бәсекелестікті қорғау
 жөніндегі агенттігінің
 2003 жылғы 27 қаңтардағы
 N 17 бұйрығымен
 бекітілген
Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулық
 Барлық мәтін бойынша "іске қосылған активтердің коэффициенті" сөздер "активтердің іске қосылғандық коэффициенті" сөздермен ауыстырылды
барлық мәтін бойынша "акционерлік " сөздер "меншік" сөзбен ауыстырылды ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы № 70-НҚ бұйрығымен.(меншік)
Су шаруашылығы және канализациялық жүйелерге және (немесе) энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда ставкаларын (таза табысты) есептеудің тәртібі туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
1. Нұсқаулық "Табиғи монополиялар туралы ", "Электр энергетикасы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Нұсқаулық су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйе қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің және тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын), оның ішінде орташа мерзімді кезеңге арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) есептеу және бекіту кезінде ескерілетін энергетика секторының табиғи монополия субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) құрамына кіретін пайданың (таза табыстың) қол жетімді деңгейін есептеу тәртібін тәптіштейді.
 2-тармақ жаңа редакцияда жазылдыҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы № 70-НҚ бұйрығымен.
3. Нұсқаулық су шаруашылығы мен канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне (бұдан әрі - Субъект) қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін табиғи монополия субъектілерін тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы (таза табысты) негізді есептеу және алу мүмкіндігі мақсатында енгізіледі.
4. Осы Нұсқаулық табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген Субъектілердің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын), оның ішінде орташа мерзімді кезеңге арналған тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) қалыптастыру кезінде қолданылады.
 4-тармақ жаңа редакцияда жазылдыҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы № 70-НҚ бұйрығымен.
5. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
Полная версия
ИС BestProfi