Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.01.2015
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі № 316 қаулысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 19 қазан тіркелді. Тіркеу N 1655
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 199 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N№178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгеріс бекітілсін және Ережеге өзгеріс пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгерісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және филиалдарына жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 316 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне өзгеріс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне мынадай өзгеріс енгізілсін: 1. 4-тармақтағы "кепілдік операцияларын жүргізуге" деген сөздер "аккредитивті ашуға (ұсынуға) және растауға және олар бойынша міндеттемелерді орындауға" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ұлттық Банк Төрағасы
Полная версия