Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.11.2018
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 651 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Тиісті мемлекеттік органдар бекітілген Қағидаларға сәйкес және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеуді, келісуді, қабылдауды, есепке алуды, өзгертуді және күшін жоюды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 мамырдағы
№ 651 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2004 жылғы 9 қарашандағы «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеуге, келісуге, қабылдауға, есепке алуға, өзгертуге және күшін жоюға қатысатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және заңды тұлғаларына олардың өз құзыретіне сәйкес қолданылады.
3. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттардың жобаларын әзірлеуге әзірлеуші ұйымды таңдауды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тапсырыс беруші жүзеге асырады.
4. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу мемлекеттік құпиялар туралы заңнамаға және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
5. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу әскери стандарттау жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалау жұмыстарының, патенттік зерттеулердің нәтижелеріне, халықаралық, мемлекетаралық және шет мемлекеттердің ұлттық әскери стандарттарының ережелеріне және (немесе) өзге де қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғылым, техника және технология жетістіктеріне негізделеді.
7. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою бойынша жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
2) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – қару-жарақ, әскери техника мен оларға оқ-дәрілер, әскери өнімнің, жұмыстардың өзге де түрлері (оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық), құжаттама, зияткерлік меншік құқығының объектілері және әскери-техникалық мақсаттағы ақпарат (бұдан әрі – әскери мақсаттағы өнім);
3) қосарланған мақсаттағы (қолданылатын) тауарлар (өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – азаматтық мақсатта пайдаланылатын, бірақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттік тапсырыс берушісі пайдалануы не кейіннен бейінін өзгертуі және әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер ретінде пайдалануы мүмкін өнім және технология (бұдан әрі – қосарланған мақсаттағы өнім);
Полная версия
ИС BestProfi