Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1208 Қаулысы       
Редакция 31.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 23 желтоқсандағы
 N 1208 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
I. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің миссиясы мен пайымдауы Миссиясы
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету. 
Қазақстанның халықаралық туристік қоғамдастыққа Орталық Азия өңіріндегі туризмнің көшбасшысы ретінде бірігуі және бәсекеге қабілетті спорттық ұлтты қалыптастыру.
II. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі қызметінің нәтижесін талдау
2007 жылы министрліктің қызметі Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталды. 
Туризм саласында Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2007 жылдың есептік кезеңінде сырттан келушілер туризмі 12,8 %-ға өсті және келушілердің жалпы санынан 5310,6 мың адамды құрады (38,5 %). 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқа шығушы туристер саны 23,2%-ға өсті және жалпы келушілер ағынынан 4544,4 мың адамды немесе 33,0%-ды құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 12,5%-ға өсті және 3932,6 мың (28,5 %) адамды құрады.
Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53863,0 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 13890,7 млн. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 1,9 есеге өскенін дәлелдейді. 
Есептік кезеңде 1007 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 51 жеке кәсіпкер 567,0 мың келушілерге қызмет көрсеткен, бұл 2006 жылдың деңгейінде 105,1 %-ды құрады. 
Туристік индустрия субъектілерінің туристік қызметінен түскен жалпы табыс 2007 жылы 63,0 млрд. теңгені құрады және бюджетке аударылған салық сомасы 9 млрд. астам теңгені құрады, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 36 %-ға артық. 
Республикада қызмет ететін 992 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорны 2640,2 мың адамға 40414,1 млн. теңгеге қызмет көрсеткен. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде 26225 нөмір бар және олардың бір мезгілдегі сыйымдылығы 58367 жатын орынды құрайды. 
Полная версия
ИС BestProfi