Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірде № 6922 тіркелді
Редакция 09.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының 
Қорғаныс министрі                  Көлік және коммуникация 
__________Ә. Жақсыбеков            министрі ______Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
 Қорғаныс министрінің
 2011 жылғы 18 наурыздағы
 № 128 және
 Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация
 министрінің
 2011 жылғы 25 ақпандағы
 № 91 бірлескен бұйрығымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттiк авиациясының бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы (бұдан әрi - Қағида) меншiк нысанына қарамастан бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  бiрлесiп орналастыру әуеайлақтарында ұшуды ұйымдастыруды, жүргiзудi және қамтамасыз етудi белгiлейдi.
2. Осы Қағидада мынадай анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.07.2015 жылғы № 782 және ҚР Қорғаныс министрінің 04.09.2015 жылғы № 508 Бірлескен бұйрығына сәйкес (25.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) алыс аймақ - әуеайлақ ауданының шегiнен тыс әуе қозғалысын басқару ауданының шекарасына дейiн мемлекеттiк авиацияның әуе қозғалысын басқару жауапкершiлiгiнiң аймағы;
3) әуеайлақтың бақылау нүктесi - әдетте әуеайлақтың ұшу-қону жолағы орталығының географиялық орнымен (геодезиялық координаттармен) айқындалатын нүкте;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.06.2019 жылғы № 360 және ҚР Қорғаныс министрінің 14.06.2019 жылғы № 467 Бірлескен бұйрығына сәйкес (23.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) әуе қозғалысын басқару органы (бұдан әрі – ӘҚБ органы) – өз құзыреті шегінде және оған белгіленген аймақ пен аудандарда әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік авиацияның басқару орталығы немесе басқару пункті;
5) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ органы) – әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпараты орталығы немесе аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;
Полная версия
ИС BestProfi