Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.03.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Теңiз портының күштерiмен және құралдармен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффиңиентiн белгiлеу және алып тастау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Респубикасы Табиғи Монополияларды Реттеу және Бәсекелектік Қорғау жөніндегі агенттігі Төрағаның 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2598
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына сәйкес, теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн ұсынудың бiрыңғай тәртiбi мен талаптарын белгiлеу мақсатында бұйырамын:
1. Қоса берiлiп отырған Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн белгiлеу және алып тастау ережесi бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөнiндегi департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн. 
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн: 
1) осы бұйрықты белгiленген тәртiпте ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн; 
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң және "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынының назарына жеткiзсiн. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн. 
5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Экономика және бюджеттік         жоспарлау министрі 
Полная версия
ИС BestProfi