«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 30 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес «Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 19.01.2015 жылғы № 36 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді – уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 30 қаулысымен бекітілген
Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді – уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді – уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі (бұдан әрi – Қағидалар) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
2. Этил спиртін немесе алкоголь өнімін өндіруші ұйымдарда осы Қағидаларда көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыру үшін этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – уәкілетті органдар) қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік орган басшысының тиісті бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) жіберіледі. Бұйрық этил спиртін немесе алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымның өтініші негізінде өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмейтін мерзімде қабылданады. Бұйрықта этил спиртін немесе алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымның атауы және іссапарға жіберу кезеңі көрсетіледі. Этил спиртін немесе алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымның талап етуі бойынша бұйрықтың көшірмесі ұсынылады.
2. Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін спирт өлшейтін аппараттармен жарақтандыру талаптары, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спиртінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібі
3. Спирт және этил спиртінiң (бұдан әрі – спирт) бас фракциясының өндiрісі үздіксіз өлшеуді және аппараттардың есептеуіштеріне мынадай деректерді беруді жүргізетін аппараттармен жарақтандырылады:
1) өндiрiлетiн спирттiң көлемi және спиртометрикалық механизм арқылы көлемдiк көрсеткiшті сусызға түрлендіру немесе олардың мәндерiн алған ақпаратты индикаттауға шығару жолымен алынған сусыз спирттiң мөлшері туралы;
2) спиртометрикалық механизмді қолданбай спирттiң бас фракциясының көлемi туралы.
Спирттiң өлшем бiрлiгi + 20Со температура кезiндегi сусыз спирт декалитрі (бұдан әрі – дал) болып табылады.
4. Спирт пен спирттiң бас фракциясын есепке алуға арналған аппараттар спирттің ұрлануын болдырмау мақсатында олардың қызмет көрсету және бақылау жүргiзу мүмкiндігі ескеріле отырып, орналастырылады.
5. Аппарат боза айыратын (боза айдайтын) қондырғы тұрған үй-жайда немесе онымен аралас үй-жайда, аппаратқа барлық жақтан еркiн бару қамтамасыз етiле отырып және көлемдiк және сусыз есептеуiштердiң көрсеткiштерi анық көрiнетiндей қарау шамынан кейін спирт желiсiнде орнатылады.
Аппарат спирттi бiр сағат, ауысым, тәулiк және одан жоғары мерзімде боза айыру және боза айдау барысына бақылау жасау үшiн қызмет көрсетедi. Спирт өлшейтін аппараттардың дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн спирт өндiрiстерiнде спирттiң температурасын тұрақтандыратын жүйе орнатылады. Сусыз спирт мөлшерiн есепке алуда өлшегiш және өлшеу аппараты бойынша салыстырмалы +/– 0,5% жоғары қателікке жол берілмейді.
6. Аппарат мынадай талаптарға сай келедi:
1) спирттiк, сулы спирттiк ерiтiндi және құрамында қанты бар қоймалжың ортада жұмыстың тұрақтылығы;
Полная версия