Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2019
Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 92 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 наурызда № 7479 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 27 мамырдан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық- эпидемиологияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралары ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 33 қаулысына сәйкес, сондай-ақ созылмалы вирусты гепатиттері бар науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қосымшаға сәйкес Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықты заннамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 міндетін атқарушы
 2012 жылғы 17 ақпандағы
 № 92 бұйрығына
 қосымша
Вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды
 зерттеп-қарау және емдеу қағидалары
1. Осы вирусты гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеп-қарау және емдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде созылмалы вирусты гепатиті бар пациенттерге немесе олардың болуына күдік туғанда ұйымдастыру тәртібі мен жүйелілігін зерттеп-қарау және емдеуін айқындайды.
2. Созылмалы вирусты гепатиттерге Созылмалы В (СВГ) гепатиті, дельта-агенті бар созылмалы В гепатиті немесе созылмалы Д гепатиті (СДГ) және созылмалы С гепатиті (ССГ) жатады.
3. Созылмалы вирусты гепатиті бар пациенттерді тексеру және емдеу амбулаториялық-емханалық, стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың, сондай-ақ республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының деңгейінде кезең-кезеңмен көрсетіледі.
4. Созылмалы вирустық гепатиттері бар және оларға күмән тудыратын пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында тексеру және емдеу вирусологиялық тексерусіз тіркелген жері бойынша көрсетіледі және өзіне мыналарды қосады:
1) жалпы дәрігермен/учаскелік терапевтпен немесе педиатрмен жүзеге асырылатын бастапқы тексерілу (скриниг);
2) диагноз қою, вирусқа қарсы терапияға және оны жүргізуге көрсеткішті, сондай-ақ «гастроэнтерология» немесе «жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша дәрігерлермен жүзеге асырылатын гепотологиялық кабинетпен (орталықпен) қарым қатынасын анықтау.
5. Полимераздық тізбектік реакция (бұдан әрі - ПТР) әдісімен вирусты гепатиттердің болуына зерттеп-қарау амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның жолдамасы бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайтын зертханаларда аталған зертханалардың қарқынын, жарақтаумен және зерттеу сапасымен (20 халықаралық бірліктен кем анықталған төменгі лимитпен халықаралық бірліктегі миллилитрде С вирустық гепатиті үшін ПТР нәтижесінің сапалы айқындық мүмкіндігі қоса отырып) қамтамасыз етілгендігі ескеріле отырып жүргізіледі.
6. Созылмалы вирустық гепатиттері бар және оларға күмән тудыратын пациенттерге гепатологиялық кабинет (орталық) деңгейінде денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органымен құрылған көпсалалық медициналық ұйымның базасында жүзеге асырылады:
Полная версия
ИС BestProfi