Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күші бар Жарлығының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 25.08.2011
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 желтоқсан N 1386
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.08.2011 № 962 Қаулысымен (12.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 12.12.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1386 қаулысымен бекітiлген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРIНІҢ ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТЫН БЕРУ ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) уәкiлеттi органның азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын үлгi сертификаты негiзiнде ұшу жарамдылығы сертификатын беру тәртiбiн белгілейдi.
2. Ұшу жарамдылығы сертификаты азаматтық әуе кемесiнiң мiндеттi құжаты болып табылады. Ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификатынсыз тек әуе кемелерiн жасаушы зауыттан, авиажөндеу кәсіпорнынан немесе басқа ұйымдардан алған кезде әуе кемесiнiң бортында қабылдау-өткiзу актiсi және ұшуға тапсырма болғанда оны тұрақты орналасатын жерiне дейiн айдап апаруға ғана рұқсат етiледi.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) уәкілеттi орган - өзінің құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк саясатты, азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеудi және әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы;
2) ұшу жарамдылығы сертификаты - азаматтық әуе кемесiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін куәландыратын үлгi сертификаты негiзiнде уәкiлеттi орган берген құжат;
3) үлгi сертификаты - уәкiлеттi орган берген, әуе кемесi, авиация кемесi, авиациялық қозғалтқыш үлгiсінің және жаңа үлгілердегi әуе винтiнiң ұшу жарамдылығының нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
4) әуе кемесiнiң, қозғалтқыштар мен негiзгi агрегаттардың формуляры - авиациялық техниканың пайдаланымын (күнтiзбелiк, сағаттық және қонулар бойынша) және оның техникалық жай-күйiн есепке алуға арналған негiзгi құжаттар.
2. Ұшу жарамдылығы сертификатын беру тәртібi мен шарттары
4. Ұшу жарамдылығы сертификатын осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган бередi. Ұшу жарамдылығы сертификатын алу үшін өтiнiш берушi уәкілеттi органға осы Ереженiң 2-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес өтiнiш және мынадай құжаттар ұсынады:
1) үлгi сертификатының көшiрмесi;
Полная версия