Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2012
Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы N 447 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкiметiнiң 21.11.2012 № 1474 Қаулысымен (01.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының  6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 1»маусымдағы
 N 447 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер 
1. Осы Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 
15 желтоқсандағы Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді және мәдени 
құндылықтарды елден тыс жерлерге әкету кезінде, сондай-ақ оларды қайта әкелу кезінде оларға сараптама жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Сараптама мынадай мақсатта жүргізіледі: 
әкетуге мәлімделген заттардың мәдени құндылығын анықтау (бұдан әрі - алғашқы сараптама); 
уақытша әкетілгеннен кейін қайтарылған мәдени құндылықтардың түпнұсқалығы мен жай-күйін анықтау (бұдан әрі - қайталама сараптама).
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) уәкілетті орган - мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 
2) сараптама комиссиясы - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы құратын мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі комиссия; 
3) өтініш беруші - әкетуге және әкелуге мәлімделген мәдени 
құндылықтарды сараптауға ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
2. Мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу тәртібі 
Полная версия
ИС BestProfi