Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.05.2019
"Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1081 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 26 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 13.05.2019 жылғы № 272 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 20 қазандағы
 № 1081 қаулысымен
 бекітілген
«Алкоголь өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы » 1999 жылғы 16 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы » 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы » 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген және мынадай өнімге қолданылады:
2. Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 2203, 2204, 2205, 2206, 2207, 2208 тауар позицияларына кіретін алкоголь өніміне қолданылады және дайын өнімнің қауіпсіздігіне, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу және өндіріске қою кезеңдерінде оны қайта өңдеу, өндіру, сақтау, тасымалдау, сатып алу, елге әкелу және өткізу, кәдеге жарату және жою кезінде қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Алкоголь өнімінің санаты осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
4. Осы Техникалық регламенттің талаптары:
Полная версия
ИС BestProfi