Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесiнің 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 09.02.2016
Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 тамызда № 7866 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 9 ақпаннан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 жылғы № 751 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. Сәулет, жобалық жұмыстар және сметалық нормалар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Ж. Әкімжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға С. Нокин
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығымен бекітілген
Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына сәйкес әзірленген және ғимараттар мен құрылыстарға, олардың кешендеріне арналған жобалау-сметалық құжаттамаларды кезең-кезеңімен әзірлеуге сараптамалық сүйемелдеу режимінде мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Қағида:
1) мердігерлік іздестіру, жобалау немесе құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырумен және жүргізумен;
2) іздестіру қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын лицензиялаумен;
3) құрылыс барысында тапсырысшының техникалық қадағалау және жобаларды әзірлеушілердің авторлық қадағалау жүргізуімен;
4) құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға тапсырумен және қабылдаумен;
5) қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексерумен байланысты мәселелерді қозғамайды.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырысшы – мақсатты белгілейтін және жобалауға арналған тапсырманы бекітетін, белгіленген объектіні жобалау, салу және пайдалануға беру үрдісін қаржыландыруды және басқаруды қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға.
Полная версия

