1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында спортпен шұғылдану кезiнде және үйрену мақсатында қаруды қолданудың ережесi бекiтiлсiн.
Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2023
Қазақстан Республикасында спортпен шұғылдану кезiнде және үйрену мақсатында қаруды қолданудың ережесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 31 қазан N 1636
Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2023 жылғы № 670 Қаулысына сәйкес
"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары заңнамада белгiленген тәртiппен өздерiнiң қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 31 қазандағы
N 1636 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында спортпен шұғылдану кезiнде
және үйрену мақсатында қаруды қолданудың ережесi
Осы Ереже "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 18-бабының 6-тармағын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Осы Ереже спортпен шұғылдану кезiнде және үйрену мақсатында қаруды қолданудың тәртiбiн реттейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Тирлерде, атыс жүргiзетiн арнайы орындарда және атыс стендтерiнде iрi калибрлi, кiшi калибрлi, пневматикалық және стендтi қарудан атыс, егер оларды ашуға және жұмыс iстеуiне iшкi iстер органдарының рұқсаты болған жағдайда жүргізiлуi мүмкiн.
2. Тирлерде, атыс орындарында және атыс стендтерiнде атыс жүргізу спорт жұмысының жоспары (күнтiзбелiк жоспары) немесе сабақ кестесi бойынша қатаң, тек үйрету және/немесе спорт ұйымдары (бұдан әрi - ұйымдар) басшыларының өкiмiмен жүргiзiледi.
3. Оқ ату және стендтiк атыс бойынша республикалық, облыстық, аудандық, қалалық барлық жарыстар, сондай-ақ разрядтық нормаларды тапсыру жөнiндегi бiлiктiлiк жарыстары тек төрешiлер алқасының басшылығымен өткiзiледi.
Төрешiлер алқасының құрамын жарысты өткiзушi ұйымның басшысы бекiтедi. Төрешiлер алқасы өз жұмысын осы ереженiң талаптарына және жарыс ережелерiне сәйкес ұйымдастырады. Бас төрешi жарыстардың басшысы болып табылады, олардың өткiзiлуiн қамтамасыз етедi және жарысқа қатысушылардың ережелердi және атыс кезiндегi қауiпсiздiк шараларын сақтауына жауап бередi.
4. Барлық оқу-жаттығу атыстарын (спортшылардың жарыстарға дайындығы, секциялар мен оқу топтарындағы практикалық сабақтар, разрядтық нормаларды тапсыру дайындығы бойынша жаттығу атыстары) атыс жетекшiлерi жүргiзедi.
5. Атысты басқаруға штаттағы жаттықтырушылар, жаттықтырушы-ұстаздар, нұсқаушы-әдiскерлер, нұсқаушылар жiберiледi. Ұйымдар басшылары атыс жетекшiлерiмен қауiпсiздiк шаралары мен ережелерi бойынша жүйелi нұсқау өткiзедi, содан соң нұсқау алғандар нұсқау берудi тiркеу журналына қол қояды. Қоғамдық жаттықтырушылар (нұсқаушылар) атыс жетекшiлiгiне рұқсат алу үшiн қоғамдық кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша белгiленген тәртiппен оқу курсынан өтiп, сынақ тапсырулары тиiс, соның нәтижесiнде қоғамдық жаттықтырушы (нұсқаушы) атағы және куәлiгi берiледi.
Полная версия

