Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.03.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөніндегі бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 909 қаулысы       
Қазақстан Республикасының " Байланыс туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңін iске асыру және байланыс операторларының магистральдық тораптардың желілiк ресурстарына және қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының байланыс желілерiне қол жетiмділiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгiлеу жөнiндегi білiктiлiк талаптары мен өлшемдерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 27 тамыздағы
 N 909 қаулысымен
 бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын белгілеу жөніндегі біліктілік тараптары мен өлшемдері Қазақстан Республикасының " Байланыс туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне байланыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнде (бұдан әрi - ҚР ОПТЖ) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн ұсыну жөнiндегi қызметтi мынадай байланыс операторлары жүзеге асырады:
қалааралық және халықаралық байланыс операторлары; 
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының қызметi уәкілеттi органның телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыруға берген тиiстi лицензияларымен айқындалады. 
Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларын белгілеу бойынша негізгi бiлiктiлiк талаптары мен өлшемдерi: 
1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетуде өтiнiш берушi мен операторға мынадай негіздерде талаптар қойылады: 
1) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз дербес жеке және заңды тұлғалардың немесе топ құрамындағы тұлғалардың меншігіне он пайыздан астам дауыс беретiн акцияларды, сондай-ақ байланыс жолдарын басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi иеленетiн және (немесе) жүзеге асыратын ұйымдардың үлестерiн, жарналарын сатпайды немесе өзгеше тәсiлмен бермейдi; 
2) қалааралық жәнe (немесе) халықаралық байланыс операторлары қолданыстағы және пайдалануға берілетiн жаңа телекоммуникация желiлерiнде және байланыс құралдарында арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыратын ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келiсiм бойынша уәкiлетті орган анықтайтын жедел-iздестiру iс-шараларын қамтамасыз ету бойынша нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдер талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi; 
3) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы мәртебесiн беретiн лицензияны алуға (қайта ресiмдеуге) өтiнiш берген кезде өтiнiш берушi (байланыс операторы) өтiнiш берушiнiң (байланыс операторының) акционерлерi (ортақ құрылтайшылары) арасындағы акциялар пакеттерiн (үлестерiн, жарналарын) бөлу жөнiндегi құжаттарды беруге тиiс. 
Акцияларды (үлестердi, жарналарды) бөлу өзгерген кезде байланыс операторы екi апта мерзiмде лицензиарға растау құжаттарын ұсына отырып тиiсті ақпаратты ұсынады; 
4) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер үсті сегменттерi мен коммутациялық тораптарды, басқару орталығын қамтуы тиiс. 
Полная версия
ИС BestProfi