Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.02.2019
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 993 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 12.02.2019 жылғы № 838 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 3-4, 7-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:
8-тармақтың бірінші бөлігінде «Сенатының Төрағасы» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi