Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2016
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы N 840 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 907 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Yкiметi  қаулы етеді:
1. Қoca берiлiп отырған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізiлсiн: 
2-тармақта 2) тармақша алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 
4-тармақтың он бiрiншi абзацында "қатынастар бойынша" деген сөздерден кейiн "заң жобаларының тұжырымдамаларын және" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының        Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 21 тамыздағы
N 840 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi
1. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне (бұдан әрi - Үкiметтiң Регламентi) сәйкес заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды. 
2. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау қызметiн жүзеге асыруы мынадай кезеңдерді қамтиды:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.03.2006 жылғы № 172 Қаулысымен (14.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2007 жылғы № 217 Қаулысымен (15.03.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 жылғы № 2206 Қаулысымен (04.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.06.2010 жылғы № 632 Қаулысымен (25.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.09.2011 жылғы № 1067 Қаулысымен (14.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2013 жылғы № 541 Қаулысымен (05.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (31.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2015 жылғы № 288 Қаулысымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заң жобаларын қоспағанда, заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеу;
Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекiтiлген Ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргiзу; 
реттегіш  құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асыруды көздейтін заң жобалары тұжырымдамаларының реттеушілік әсеріне талдау жүргізу. Заң жобаларының тұжырымдалары Комиссия қарауына шығарылғанға дейін реттеушілік әсерді талдаудан өтеді;
заң жобаларының тұжырымдамаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрi - Комиссия) қарау;
жұмыс тобын құру. Жұмыс тобының құрамына міндетті түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» мемлекеттік мекемесінің, белгілі бір құқық саласындағы тиісті ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері енгізіледі, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын және ғылымның тиісті салаларының ғалымдарын тарту ұсынылады;
заңнамалық кесiмдердiң жобаларын даярлау; 
Полная версия
ИС BestProfi