1. Қоса беріліп отырған Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2022
Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 3 қарашадағы № 763 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қарашада № 7321 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 17 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ-20 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32 бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына нейрохирургиялық көмекті көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. Мусинов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығымен бекітілген
Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының халқына нейрохирургиялық көмек көрсететін ұйымдардың міндеттерін, функцияларын, құқықтық қызметтерінің ұйымдастыру негіздерін айқындайды.
2. Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға мыналар жатады:
1) Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы (бұдан әрі - РНХҒО);
2) стационарлық медициналық ұйымдардың нейрохирургия бөлімшелері (ересектер мен балалар);
3) нейрореанимациялық блок (төсектер);
4) нейрохирургялық кабинет.
3. Халыққа (ересектер мен балаларға) нейрохирургиялық көмек көрсететін ұйымдар нейрохирургиялық ауруларды анықтауға, емдеуге, сондай-ақ нейрохирургиялық аурулар мен операциялардың салдарын емдеуге бағытталған іс-шараларды уақытылы өткізу мақсатында құрылады.
4. Халыққа (ересектер мен балаларға) нейрохирургиялық көмек консультациялық-диагностика, стационарлық медициналық көмек, санитариялық авиация түрінде көрсетіледі.
Полная версия

