Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.05.2019
"Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 969 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 26 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 13.05.2019 жылғы № 272 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.09.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған «Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 21 қыркүйектегі
 № 969 қаулысымен
 бекітілген
«Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті 1. Қолданылу аясы
1. Осы «Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы » 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы » 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген және гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерін әзірлеу, өндіру, айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын барынша аз қажетті талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 02, 03, 09, 13, 18 және 21 тауар топтарына, 0401-0406, 0407 00, 0408 19 810 0, 0408 19 890 0, 0408 99 800 0, 0409 00 000 0, 0410 00 000 0, 0712-0714, 0801-0806, 0811-0813, 0814 00 000 0, 0901, 0902, 0903 00 000 0, 0904, 0905 00 000 0, 0906, 0907 00 000 0,0908-0910, 1101 00, 1102, 1103, 1105-1108, 1208, 1210, 1212, 1501 00, 1501 00-1503 00, 1504, 1506 00 000 0, 1507-1517, 1601 00, 1602, 1603 00, 1604, 1605, 1701, 1702, 1704, 1801 00 000 0, 1803, 1804 00 000 0, 1805 00 000 0, 1806, 1901, 1902-1905, 2001-2003, 2005-2009, 2101-2104, 2105 00, 2106 тауарлық позициясына, кіретін гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдеріне қолданылады.
1) бір немесе бірнеше гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктерді және жануарларды толық не ішінара қамтитын немесе олардан алынған;
2) өзінің құрамы гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктерден және жануарлардан өндірілген ингредиенттерді қамтитын тамақ өнімі болып табылады.
4. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдері үшін төрт әлеуетті қауіпті (проблемалық) фактор белгіленген:
2) «бөгде» және «туған» гендер арасындағы өзара әрекет;
4) гендік түрлендірілген технологияларға тән алдын ала болжанбаған («белгісіз») әсерлер.
5. Жүргізілген қауіп-қатерді бағалауды ескере отырып, қауіп-қатерді жоюға немесе гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерін әзірлеу, өндіру және айналымы кезінде оны рұқсат етілген деңгейге дейін азайтуға арналған шаралар кешені айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi