Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.02.2015
Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына тастаудың мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 237-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 20 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4885 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 25.02.2015 жылғы № 138 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 9 қаңтар 2007 жылғы Экологиялық Кодексінің  17-бабы 18) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН : 
1. Осы тіркелген Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына тастаудың мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қоршаған
 ортаны қорғау министрінің
 2007 жылғы 25 шілдедегі N 237-ө
 бұйрығымен бекітілді
Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 
1. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасақталған.
2. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастры (Көмудің мемлекеттік кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбір объектісі: зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтар, ағынды сулардың типтері мен түрлері, сандық және сапалық көрсеткіштері көрсетілген заттық құрамы, қоршаған ортаға экологиялық әсері, оларды сақтаудың техникалық шарттары бойынша жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын қысқаша мәліметтер жиынтығын білдіреді. 
Зиянды заттардың тізбесін»"Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы  N 557 қаулысы анықтайды. 
Мемлекеттік кадастр табиғат пайдаланушылардан түскен есептер, ғылыми зерттеулер, жобалық ізденістер, экологиялық ақпараттың басқа көздерінің деректері негізінде жүргізіледі және есепке алу объектісінің паспорты түрінде рәсімделеді (бұдан әрі - Паспорт).
3. Қызметінің барысында зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін және жер қойнауына ағынды суларды төгетін пайдаланушылар меншік объектісі мен ведомстволық тиістілігіне тәуелсіз, жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес рәсімделген паспорттарды табыс етеді.
4. Көмудің мемлекеттік кадастрына есепке алынады: 
1) ары қарай пайдалануға жарамсыз уытты қалдықтарды көму және улы химикаттарды, сілтілерді, қышқылдарды, пайдалануға тиым салынған өнімдер мен материалдарды өңдеу орындары; 
2) келесі топты ағынды сулардың төгілу орындары: 
мұнайды тұссыздандырудан қалған қышқыл су (құрамында күкіртсутек, мұнай өнімдері, механикалық қоспалар мен ерігіш тұздары бар және мұнайды сусыздандырған соң қабаттық сумен бірге У-800 қондырғысына күкіртсутектен, мұнайдан және қатты бөлшектерден тазарту үшін айдау ұңғымалары арқылы терең жер асты қабаттарына жіберілетін су); 
демеркаптанизациялау қондырғысынан шыққан ағынды сулар (құрамында бейтараптандырылған сілті, мұнай өнімдері, механикалық қоспалар, ерігіш тұздар, меркаптидтер, сульфидтер бар, өндірістік-жауын кәріздері желісіне түсетін, ал ары қарай айдау ұңғымаларына жіберілгенше мұнай мен қатты бөлшектерін жою үшін өндірістік суларды тазартудың тазартқыш құрылғыларына жіберілетін су); 
тауарлық мұнайды сақтау ыдыстарынан шыққан тауарлық сілтілі суы (құрамында механикалық қоспалары мен мұнай өнімдері бар және бір бөлігі сілтілік ерітінді дайындалуға қолданылатын, ал бір бөлігі сілтіні бейтараптандыру қондырғысына түседі, содан соң айдау ұңғымаларына жіберілгенше қатты бөлшектер мен мұнайды жою үшін тазартқыш құрылғыларға жіберілетін су); 
асфальтталған алаңдардан жиналатын қар суы мен жауын-шашын сулары, өндірістік-жауын кәріздері желісіне құйылады, содан соң айдау ұңғымаларына жіберілгенше қатты бөлшектер мен мұнайды жоюға арналған тазартқыш қондырғыларға сорғы станциясымен сорылады. 
3) өз мақсаты бойынша сақтау пункттері мен көму пункттері топтарына бөлінетін радиоактивті қалдықтарды көму пункттері.
5. Паспорттарды табиғат пайдаланушылар қосымшаға сәйкес екі данада ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жасайды. 
Паспорттар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органына ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының ішінде, бірақ 10 наурыздан кешіктірілмей жіберіледі.
6. Паспорт қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен қабылданады, тіркеледі, есепке алынады және сақталады.
7. Осы ережелерді бұза отырып, жасалған паспорт есепке алынбайды және сақтауға қабылданбайды, ол табиғат пайдаланушыға ескертпелерді жою үшін қайтарылады.
Зиянды заттарды, радиоактивті
қалдықтарды көмудің және
ағынды суларды жер
қойнауына төгудің
мемлекеттік кадастрын жүргізу
жөніндегі нұсқаулыққа
Қосымша
Зиянды заттарды, ағынды суларды, радиоактивті қалдықтарды  
               көмудің мемлекеттік кадастры 
Есепке алынатын объект______________________________________________ 
 Құрастырған_____________________ __________________ ______________ 
 Тексерген ______________________ __________________ ______________ 
 Бекіткен ______________________ __________________ ______________ 
Ұйым _______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің  157-бабы, 1 тармағының 1-тармақшасы)
1) Есепке алынатын объектінің схемалық картасы, масштабы 
4) Объекті пайдаланудың жалпы мәліметтері
 
Орналасатын жер Түзілу шарттары Пайдалану кезеңі, жыл Күтіміне жұмсалатын шығындар
басталуы соңы жылына ағымдағы кезеңде
1 2 3 4 5 6
 
Ұзындығы, км Ені, км Терең-дігі, км Ауқымы,км 2 Алдыңғы жыл ішінде көмудің жылдық көлемі,
мың т.
Ағымдағы жылдың 01.01 жағдай бойынша мөлшері, мың т.
Көлемі,
мың м 3
Массасы мың т.
1 2 3 4 5 6 7
6) Жер қойнауы мен қоршаған орта мониторингі туралы мәліметтер
Сұрыпталатын сынаманың орналасуы схемасы 
 
жерасты сулар топырақ атмосфералық ауа өсімдік және жануарлар дүниесі радиациялықорта басқа түрлері
1 2 3 4 5 6
 
Қадағалайтын өлшемдер тізбесі Өлшеу жиілігі Жүргізу әдістері
1 2 3
2. Объектінің физикалық сипаттамасы (Қазақстан Республикасы 
Экологиялық кодексінің  157-бабы, 1-тармағының 2-тармақшасы)
7) Орналастырудың техникалық шарттары
 
оқшаулау сипаттамасы коллектор пластының тиімділік қуаты кеуектілік коэффициенті төселуші және жабушы су ағынының сипаттамасы жер асты сулардың табиғи ағынының жылдамдығы төгінді сақтау мерзімі
1 2 3 4 5 6
 
Жыныстар түрі Өлшемдер
Негіздеме ені, км Биіктігі бойынша ені, км Физика-механикалық қасиеттері
1 2 3 4
3. Қалдық сипаттамасы (Қазақстан Республикасы Экологиялық 
   кодексінің 157-бабы, 1-тармағының 3-тармақшасы) 
 10) Объектінің физика-механикалық қасиеттері
 
Химиялық құрамы (толық) Уытты компоненттер ерігіштігі Сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі өрт-жарылыс қауіптілігі
1 2 3 4 5
 
Радиоактивті зат түрі Жылдық эквивалентті дозасы Бөлшектер ағынының тығыздығы Агрегат- тық күйі радионуклидтердің шекті белсенділігі Бк




ауада суда топы- рақта
12) Қалдықтарды тасымалдау жүйесінің сипаттамасы
13) Көму объектісі бойынша мемлекеттік қорытынды, актілердің болуы:
 
Қашан және кіммен берілген Құжат атауы Қолданыс мерзімі
1 2 3
 
Құжат атауы Автор (ұйым) Хаттамалар N№ Бекітілген жылы Сақтау орны
1 2 3 4 5 6
Полная версия
ИС BestProfi