Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 қыркүйек N 1256
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 
Ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: 
Келімбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасының 
Ертілесова Жәннат Жүрғалиқызы - Қазақстан Республикасының 
көрсетілген құрамнан Болат Бидахметұлы Жәмішев шығарылсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 
4-тармақтың бесінші абзацындағы "әзірлеу" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, "болып табылады" деген сөздер алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
"мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау; 
Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу; 
Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкіметке түскен күнінен бастап бір айлық мерзімде оларды он не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау; 
Үкіметтің мемлекеттік және өзге де бағдарламаларының, тұжырымдамаларының, іс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен қамтамасыз ету бөлігінде келісу;
     
әзірлеушілер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау мақсатында Үкіметке берудің ағымдағы жедел мерзімдерін айқындау;
     
заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;
     
заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Полная версия
ИС BestProfi