Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2017
"Мұнай операцияларына байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1335 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.11.2017 жылғы № 759 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Мұнай операцияларына байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 31 желтоқсандағы
 N 1335 қаулысымен
 бекітілген
"Мұнай операцияларымен байланысты жерүсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Осы "Мұнай операцияларымен байланысты жерүсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) мұнай операцияларымен байланысты жерүсті және теңіз өндірістік объектілері құрылысының қауіпсіздігіне, жобалау, салу мен монтаждау, қалпына келтіру, жөндеу процестеріндегі қойылатын талаптарды белгілейді. 
Осы техникалық регламентте техникалық реттеу объектілеріне төмендегілер жатады: 
1) мұнай операцияларымен байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілері. Бұларға - бұрғылау қондырғысы, ұңғыма, мұнай әзірлеу бөліктері, сорғыш және сығымдағыш станциялар, құрлық пен теңізде орналасқан, көмірсутегілерді өндіру мен бастапқы әзірлеуге арналған қондырғылар мен құрылыстар кешенінің құраушылар мен қосалқы бөліктері, соның ішінде жобамен белгіленген жалғағыш жүйелер; кәсіптік құбырлар мен солардың желілік құрылыстары; мұнай айдау станциясы және басқа да объектілер (бұдан әрі - өндіріс объектілері); 
2) өндіріс объектілерін жобалау, салу мен монтаждау, қалпына келтіру, жөндеу процестері. 
2. Осы техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілері оның талаптарын қолдану мақсатымен төмендегідей критерийлер бойынша сәйкестендіріледі: 
1) өндіріс объектілеріне арналған жобалық құжаттардың түрлері мен құрамы бойынша; 
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңдармен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылатын құрылыстық-монтаждау жұмыстарының түрлері бойынша; 
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңдарға сәйкес жобалық-сметалық құжаттардың қызметтік арналуы бойынша. 
3. Өндіріс объектілерінің құрылысын салу мен монтаждау, қалпына келтіру, жөндеу кезінде аулақ болу жөн болатын негізгі қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады: 
1) жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес келмейтін құрылыс алаңшасы түрлі материалдардың құлауымен немесе жұмысшылардың қондырғылар мен жабдықтармен соқтығысуынан туындайтын жазатайым оқиғалардың бастапқы себебі болып табылады; 
Полная версия
ИС BestProfi