1. Мәдениет саласы қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.04.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Көтермелеудің салалық жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 111 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4651 болып енгізілді.
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы»11 сәуірдегі N 111 бұйрығымен бекітілген
Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі»"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында мынадай көтермелеу түрлері белгіленеді:
1)»"Мәдениет қайраткері" төс белгісі, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес;
2)»"Кітапхана ісінің үздігі" құрмет дипломы;
3)»"Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ісінің үздігі" құрмет дипломы;
4)»"Мұражай ісінің үздігі" құрмет дипломы;
5)»"Театр өнерінің үздігі" құрмет дипломы;
Полная версия