Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 894 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 18.03.2016 жылғы № 148 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды жинау жөнiнде қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған үлгi шартта: 
тақырыбындағы "жинау" деген сөз "бұру" деген сөзбен ауыстырылсын; 
екiншi, үшiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, он бесiншi абзацтар алынып тасталсын; 
төртiншi, бесiншi абзацтардағы "кәрiз" деген сөз "сарқынды суларды бұру" деген сөздермен ауыстырылсын; 
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Тұтынушы - шарттың негізiнде сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суларды бұру қызметтерiн көрсетудi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға"; 
"коммуналдық" деген сөз алынып тасталсын; 
"қабылдау", "қабылданған" деген сөздер тиiсiнше "бұру", "ұсынылған" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"3. Ұсынылатын қызметтер көрсетудiң сипаттамалары мен берiлген судың сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға, мемлекеттiк стандарттарға сай болуға тиiс."; 
4-тармақтағы "Қызмет берушiнiң" деген сөздер "техникалық шарттарды орындау кезiнде сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суларды бұру" деген сөздермен ауыстырылсын; 
бiрiншi абзацтағы "бiрiншi" деген сөз "соңғы" деген сөзбен ауыстырылсын; 
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Кондоминиум объектілерiнің сарқынды суларды бұру жүйесiндегi пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы елдi мекеннiң сарқынды суларды бұру жүйелерiне қосылған жердегi құдық болып табылады."; 
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
7-тармақта "тоқтату және" деген сөздер алынып тасталсын; 
6) тармақшадағы "жүргiзiледi." деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын; 
3) тармақшадағы "үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын; 
6) тармақшаның екiншi абзацындағы "және 5)" деген сөздер алынып тасталсын; 
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
"Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшiн Тұтынушыға қызметтер ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейiн жүргiзiледi. Бiрнеше рет ажыратылған жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін ақы төлегеннен кейiн жүргiзiледi. Қосу құны монополияға қарсы аумақтық органмен келiсiледi.". 
9-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Берiлген суға және/немесе сарқынды суға" деген сөздер "Осы шарт бойынша ұсынылған қызметтер көрсетуге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Жеке есептеу құралдары мен жалпы үйдiң есептеу құралы 100% болған кезде жалпы үйдiң есептеу құралының көрсеткiштерi мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткiштерiнiң арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес, өзге жағдайларда - тараптардың келiсiмi бойынша кондоминиум объектiсi меншiк иелерiнiң ақы төлеуiне жатады."; 
12-тармақтың бiрiншi абзацында "кәрiз" деген сөз "сарқынды суларды бұру" деген сөздермен ауыстырылсын; 
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"13. Сарқынды суларды бұру жүйесiне құйылмайтын су сарқынды суларды бұру қызметтерiн көрсетуi үшiн ақы есептеу кезiнде есепке алынбайды. 
Есепке алынбайтын судың көлемi технологиялық есеп айырысуларға сәйкес айқындалады."; 
14-тармақтағы "не Тараптардың келiсiмiмен" деген сөздер "су тұтыну нормалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
17-тармақтағы "Тұтынушы оны желiге қосуды талап етуге құқылы" деген сөздер "Қызмет беруші Тұтынушыны сумен жабдықтау желілерiне қосады" деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын: 
"17-1. Тұтынушыда суды есептеу сызбаларының бұзылу, басқару тораптарында және есептеу құралдарында пломбаларды жұлып алу және есептеу құралдарының көрсеткiштерiн бұрмалауға икемдi құралдар орнату фактiлерi анықталған жағдайда, Тұтынушыға осы фактiлер табылған күнге дейiнгi соңғы тексеру жүргiзiлген сәттен бастап суды пайдаланғаны үшiн қайта есептеу жүргізіледi, бiрақ құбырдың басқару торабына дейiн ол тәулiгiне 24 сағат жұмыс iстеп тұрған кезде толық өткiзу қабiлеттілiгiнiң есебiнен екi айдан аспауға тиiс."; 
1) тармақшадағы "қажеттi" деген сөз алынып тасталсын; 
11) тармақшадағы "пайдаланылған" деген сөз "ұсынылған" деген сөзбен ауыстырылсын; 
2) тармақшадағы "кәріз" деген сөз "сарқынды суларды бұру" деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: 
"5) оның басқаруындағы немесе қызмет көрсетуiндегi сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұрудың пайдаланылатын жүйелерiнiң сақталуын, тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздігін қамтамасыз етуге мiндетті."; 
4) тармақшадағы "кәрiз" деген сөз "сарқынды суларды бұру" деген сөздермен ауыстырылсын; 
1) тармақшадағы "Тұтынушыны Шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсетумен уақтылы және үздiксiз жабдықтауды" деген сөздер "Тұтынушыға Шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсетудi уақтылы және үздiксiз ұсынуды" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2) және 5) тармақшалар алынып тасталсын; 
"берiлетiн" деген сөз "ұсынылатын" деген сөзбен ауыстырылсын; 
"ақы төлеуге келесi есептi" деген сөздерден кейiн "кезеңнен кейiнгi" деген сөздермен толықтырылсын; 
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
"9) Тұтынушының негiзделген талаптары бойынша 24 сағаттың ішiнде ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен көлемiн қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға;"; 
10) тармақшада "жылу желiлерi мен есептеу құралдарын тексерген кезде" деген сөздер "сумен жабдықтау мен сарқынды суларды бұру желiлерiн, есептеу құралдарын тексеру кезiнде, сондай-ақ есептеу құралдарының көрсеткіштерiн алған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
22-тармақтың 1) тармақшасында "кәріз" деген сөз "сарқынды суларды бұру" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"сомасынан аспайтын тұрақсыздық" деген сөздер "сомасын негiзге ала отырып есептелген тұрақсыздық" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"есептi кезеңнен кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнi" деген сөздер "келесi айдың 26 күнi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
31-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"Еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған кезде Қызмет берушi олар басталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бұл туралы Тұтынушыларға ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды."; 
33-тармақтың екiншi абзацындағы "Тұрмыстық тұтынушы үшiн Шарттың iс-әрекетi мерзiмсiз" деген сөздер "Егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар үшiн Шарттың iс-әрекетi мерзiмсiз," деген сөздермен ауыстырылсын; 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Полная версия
ИС BestProfi