Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1279 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (25.03.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 25.03.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.
1) Шаралар кешенін іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 
2) жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, жыл сайын Шаралар кешенін іске асырудың барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, жыл сайын Шаралар кешенін іске асырудың барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 24 желтоқсандағы
 N 1279 қаулысымен
 бекітілген
Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешені
3. Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясаттың қазіргі жай-күйін талдау 
4. Шаралар кешенінің мақсаты және міндеттері 
5. Шаралар кешенін дамытудың негізгі бағыттары және оларды іске асыру тетігі 
Полная версия
ИС BestProfi