Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.08.2016
Қазақстан Республикасы «Электрондық үкімет» транзакциялық сервистерін жүзеге асыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 491 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5982 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 12.08.2016 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы  9-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» транзакциялық сервистерін жүзеге асыру бойынша нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ. Елеусізова) белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуі;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е. Дүрмағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Ақпараттандыру және байланыс
 агенттігі төрағасының
 2009 жылғы 4 желтоқсандағы
 № 491 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» транзакциялық сервистерін жүзеге асыру бойынша нұсқаулығы
1. Осы Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» транзакциялық сервистерін жүзеге асыру бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» транзакциялық сервистерінің жұмыс істеу тетіктері мен шарттарын анықтайды.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - МҚ) – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген функциялар мен өкілеттіктерге негізделген, бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңды мүдделерін қорғауға және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет;
Полная версия
ИС BestProfi