Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2022
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі N 1559 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.12.2022 жылғы № 61 Жарлығына сәйкес
"Президент пен Үкімет
 актілері жинағында"
 жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары антының мәтiнi бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Президентiнiң
 2005 жылғы 23 сәуiрдегi
 N 1559 Жарлығымен
 БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының iшкi істер органдары  
  қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының  
  АНТЫ 
      Мен, Қазақстан Республикасының азаматы ______________________ 
iшкi iстер органдарына қызметке қабылдана отырып: 
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң 
сақтауға, бастықтардың, командирлердiң бұйрықтары мен нұсқауларын 
және өзiме жүктелген қызметтiк мiндеттердi адал атқаруға; 
Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын 
және бостандықтарын шектеуге жол бермеуге, оларды құқыққа қарсы 
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында 
белгiленген қоғамдық тәртiптi өз өмiрiмдi аямастан қорғауға; 
қызметке байланысты қиындықтарға шыдамдылықпен төзе бiлуге, 
мемлекеттiк және қызметтiк құпияны сақтауға салтанатты түрде 
Егер де мен осы антты бұзсам, Қазақстан Республикасының   заңдарында белгiленген жауапкершiлiктi көтеруге әзiрмiн.
Полная версия
ИС BestProfi