Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1615 Қаулысы       
Редакция 29.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;»;
3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Абай Мұқашұлы Ескендіров;»;
4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев,»;
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
«Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев,»;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2016 жылғы № 488 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi