Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау, сондай-ақ кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 1230 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 20.04.2015 жылғы № 274 Бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 143, 150, 151-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы;
2) Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 23 қарашадағы
 № 1230 қаулысымен
 бекітілген
Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидасы
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) лауазымды адам - кеден органы бірінші басшысының не оны алмастырушы тұлғаның бұйрығына сәйкес Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточканы жүргізу үшін жауапкершілік жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша), кеденнің, кеден бекеттерінің, кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінің лауазымды адамы;
2) қаржы жылы - оның ішінде бюджеттің орындалуы жүзеге асырылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталатын және 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі.
Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.
2. Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу тәртібі
3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі:
Полная версия
ИС BestProfi